«Тарихта алғаш рет» – Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Тоқаевқа маңызды келісім туралы айтты
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 18 қарашасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.
Президенттің айтуынша, мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілуі барлық бағыттағы, соның ішінде құқық саласындағы ықпалдастықтың да дәйекті түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси реформаларға тоқталды.
Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді.
Атап айтқанда, тарихта тұңғыш рет екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат кәсіби диалогқа, сот төрелігін цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолданысқа енгізуге негіз болады.
Сонымен қатар Игорь Краснов ғылым және білім беру салаларында, әсіресе, біліктілікті арттыру және сот қызметкерлерінің цифрлық дағдыларын дамыту бағытында серіктестік аясын кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 18 қараша 2026
Онлайн-кинотеатрларға жаңа міндет жүктеледі
-
14:50, 18 қараша 2026
27 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды
-
14:41, 18 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады
-
14:38, 18 қараша 2026
Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу қағидалары жаңартылды
-
14:27, 18 қараша 2026
Қазақстанда әлеуметтік төлемдерден өз еркімен қалай бас тартуға болады





