27 жыл іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды

14:50, 18 қараша 2026
MKZ: 1578390

© Фото: Zakon.kz

Павлодарда жасалған қарақшылық шабуылдан кейін 27 жыл бойы полициядан бой тасалаған Қазақстан азаматы Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 18 қарашада іздестіру жұмыстарының нәтижесін жариялады.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Таңжановтың айтуынша, 2026 жылдың алғашқы он айында 82 адам қылмыстық істер бойынша іздеуде болған. Олардың 62-сіне аумақтық полиция органдары биыл іздеу жариялаған.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде бой тасалап жүрген 73 адам табылды", – деді Жасұлан Таңжанов.

Бұдан бөлек, Павлодар облысында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша іздеуде жүрген 31 адам ұсталды.

Қазақстаннан тыс жерлерде бой тасалап жүрген жеті адам табылды. Солардың бірі 1999 жылы Павлодарда жасалған қарақшылық шабуылдан кейін ізін жасырған. Оны Мәскеуге арнайы барған Павлодар облыстық криминалдық полиция басқармасының жедел іздестіру тобы Ресей ІІМ-нің Мәскеу облысы бойынша жедел уәкілдерімен бірлесіп ұстаған.

Бұған дейін, 16 қарашада, Ресейде Қазақстанның тумасы бортында 150 жолаушысы бар ұшақты басып аламын деп қоқан-лоқы көрсеткені туралы хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!