Танымал әртіс Құдайберген Бекіш Алматыда өткен референдумда дауыс берді

10:55, 6 қазан 2024

© Сурет: видео скрині

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Құдайберген Бекіш Алматыдағы референдумда дауыс беруге қатысты.Әнші №168 мектепте орналасқан № 416 учаскеге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құдайберген Бекіш атом электр станциясын салу сияқты Қазақстан үшін маңызды шешім қабылдауда әрбір қазақстандықтың дауысының маңыздылығын атап өтті.

"Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Мен азаматтық борышымды орындадым және сайлау учаскесінде дауыс бердім. Біздің барлық азаматтарымызды шетте қалмауға және еліміз үшін маңызды оқиғаға қатысуға шақырамын", - деп атап өтті әртіс.

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!