Референдум: кентаулық жас сарбаз өз таңдауын жасады

13:26, 6 қазан 2024

© Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Кентау қаласы Хантағы ауылындағы №60 дауыс беру учаскесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген, көпбалалы отбасыдан шыққан Кенжебек Байтуған өз таңдауын жасады.

Алматы қаласында №61993 әскери бөлімінің десанттық шабуылдау әскерінде борышын өтеп келген жігіт саяси науқанда өз таңдауының ел ертеңі үшін маңызды екенін тілге тиек етті.

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 13:26

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сәйкес, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 дауыс беру учаскелерінде 56 405 дауыс беруші тіркелген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!