Батысқазақстандықтар референдумға белсенді қатысуда

07:30, 6 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Батыс Қазақстан облысында атом электр станциясын салу бойынша референдумға дауыс беру басталды.

Бүгін өңірдегі учаскелер ашылмай жатып, референдумға қатысуға келген батысқазақстандықтардың қарасы қалың болды.

Алғашқы референдум учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі.

№268 референдум комиссиясының төрағасы Алтынгул Кайырлиеваның айтуы бойынша, сайлаушыларға барлық жағдай жасалған.

"Біздің сайлау учаскесінде 1421 адам тіркелген. Батысқазақстандықтар белсенді атсалысып жатыр. Үйден дауыс беруге 3 өтініш түсті, түске дейін әлі де қабылдаймыз. Әр түрлі ұйымдардан бірнеше бақылаушы жұмыс істеуде. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз", — дейді А.Кайырлиева.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында 496 референдум учаскесі жұмыс жасауда. Азаматтар сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!