Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов референдумда өз дауысын берді

13:03, 6 қазан 2024

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тағы бір атақты спортшы – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты.

Атақты спортшы өзінің үлгісімен ел үшін осы мәнді оқиғаға қатысудың маңыздылығын көрсеткісі келетінін атап өтті.

"Өз дауысыңды беру-әркімнің азаматтық борышы, мен міндет деп айтар едім. Әркімнің өз таңдауы бар және оны жасау керек. Қазақстандықтар бұл мәселеде жауапкершілікті көрсететініне сенімдімін", - деді Нариман Құрбанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әйелдер боксы бойынша Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай мен белгілі боксшы Ермахан Ибраимов дауыс берген болатын. Қалада барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар сағат 20.00-ге дейін ашық болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!