Тараз әкімі референдумда өз таңдауын жасады

10:24, 6 қазан 2024

© Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтуде. Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №41 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетерлігі, аталған учаскеде жалпы саны 2 626 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Жалпы Тараз қаласы аумағында қазіргі таңда 135 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олардың барлығында дауыс беру тиісті заңнамаға сәйкес таңғы сағат 7:00-де басталды.

Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 10:24

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ шаһар бойынша 256 985 сайлаушы болса, оның ішінде 18 жасқа енді толған 5 394 адам алғаш рет өз таңдауларын жасайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!