Пісірілген өнімдерді таңдауда қаптамадағы қандай ақпаратқа мән берген жөн
© Сурет: pixabay
Мамандар 2024 жылдың маусым айының соңында Түркістан қаласындағы дүкендердің бірінен сатылып алынған "ВКУСЛЭНД" брендтіндегі "Soima" ЖК кондитерлік фабрикасының пісірген өнімдерін тексеруден өткізіп көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) жасырын сатып алушы әдісімен нан өнімдерін сатып алып, кешенді зерттеу жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша "Ұлттық зерттеу орталығы" ШЖҚ РМК Түркістан қалалық филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырды. 2024 жылдың 24 маусымындағы № 2024/529/97 және 2024 жылдың 26 маусымындағы № 407 зерттеу хаттамалары сынама Кеден одағының техникалық регламенттерінде талап етілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігін көрсетті.
"Бұл, әрине, жақсы жаңалық. Бірақ, өнімнің сапасына шынында да сенімді бола аламыз ба", - дейді тұтынушы құқығын қорғаушылар.
Сурет: Жанна Биятан
Өнімнің қаптамасында өнімнің жарамдылық мерзімі 30 күн деп көрсетілген, бұл өнімнің жаңа екенін және салыстырмалы түрде ұзақ уақыт сақтауға болатынын білдіреді.
Дегенмен, мұқият тексерген кезде маңызды жайт – шығарылған күні жоқ екені белгілі болды! Шығарғаннан бері қанша күн өткенін қалай түсінуге болады? Бұл олардың сізге бір ай ішінде сыйлық жеткізілетінін, бірақ дәл қай күні екенін есептеу қай кезден басталатынын ұмыт қалдырғанымен бірдей, Егер жарамдылық мерзімі аяқталып жатса ше? Мұның өзі ойлануға себеп екені рас.
Тағамдық құндылық көрсеткіштері де өндірушінің назарынан тыс қалды, бұл да айтарлықтай кемшілік. Шынында да, көптеген тұтынушылар үшін, әсіресе, өз денсаулығына қамқорлық танытатындар үшін өнімдерде қанша калория мен қоректік заттар барын түсіну маңызды.
"Азық-түлік өнімдері – бұл біз жейтін ғана емес, одан қуат пен қоректік зат алатын қайнар көз. Тағамдық ақпараттардың болмауы тұтынушыларды өнімнің пайдалы немесе зиянды екенін бағалау мүмкіндігінен айырады. Бұл әсіресе, май мен қанттың көп мөлшері болатын нан өнімдеріне қатысты", – деп "МОТҚҚҚ" ҚБ маманы Жанна Биятан пікір білдіреді.
Сурет: Жанна Биятан
Тағы бір жайт – мемлекеттік тілде таңбаламаның жоқтығы. Бұл да өндірушілерді барлық міндетті ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетуге міндеттейтін "Қазақстан Республикасының Тілдері туралы" заңын бұзу болып табылады. Сіз өнімді сатып алдыңыз делік, бірақ, мәтіннің жартысы сізге түсініксіз, яғни, қолжетімсіз болды. Бұл жай ғана ыңғайсыздық тудырып қоймай, сонымен қатар денсаулыққа да қауіпті, себебі, ақпараттың толық еместігі сатып алушының өнім құрамында ықтимал аллергендер барын немесе сақтау шарттарын білмеуіне әкелуі мүмкін.
Қаптамадағы ақпараттың толық еместігі – соңына дейін айтылмай қалған әңгіме сияқты. Бірдеңе жетіспейтіндей, бірдеңе жасырынып тұрғандай, бірдеңе, тіпті, зиянды болуы да мүмкін. Біз көз алдымызда тұрған өнімді көріп барып, оған сеніп, сосын оны сатып аламыз. Бірақ, өндіру күні немесе сақтау шарттарына қатысты мәліметтердің болмауы – біздің бұл сенімімізге нұқсан келтіреді.
Жанна Биятан сатып алмас бұрын жапсырманы мұқият тексеруге кеңес беріп:
"Егер қаптамада шығарылған күні көрсетілмесе, онда мұндай өнімді сатып алудың қажеті жоқ. Мұндай ақпараттарсыз шығарылғанынан бері қанша уақыттың өткенін және нақты қалған жарамдылық мерзімі қандай екенін түсіну мүмкін емес. Мұндай сатып алулар тіпті болмағанда – көңіліңізді түсіріп, ал, ары кеткенде денсаулығыңызға зиянын келтіруі мүмкін" екенін алға тартады.
Сонымен қатар, сақтау шарттары туралы нұсқаулықтың болмауы да тұтынушы денсаулығына қауіп төндіреді. Егер жапсырмада пісірілген өнімдерді қандай температурада сақтау керектігі немесе тікелей күн сәулесінен қорғау қажеттігі айтылмаса, тұтынушы өнімді дұрыс сақтамай, сол арқылы оның бұзылуын тездетері анық.
Өндіруші үшін мұндай олқылық техникалық реттеу саласындағызаң талаптарын бұзу болып табылып, айыппұл салуға әкеліп соғады. Өкінішке қарай, көптеген жергілікті кәсіпкерлер таңбаламаны жай ғана формальдылық деп есептеп, барлық талаптарды сақтаудың маңыздылығын жете бағалай бермейді. Шын мәнінде, дұрыс құрастырылған таңбалама тұтынушы сенімінің және сәйкесінше, табысты сатылымның негізгі кілті болып табылады.
Бұл ретте, қауіпсіздік стандарттарының сақталуына қарамастан, өндірілген күні нақтыланбаған және қазақ тіліндегі мәліметтердің жоқтығы өнімді тұтынушы үшін анық етпейді.
Осылайша, ВКУСЛЭНД брендінің нан өнімдері негізгі қауіпсіздік талаптарына сай болғанымен, қаптамадағы ақпараттардың жеткіліксіздігі өнім сапасының жалпы бағасын төмендетеді. Тұтынушылар мұқияттылық танытып, ал өндірушілер стандарттарды ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру үшін де таңбаламаға деген көзқарастарын қайта қарауы қажет.
Материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті