Александр Шевченко Шанхайдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

13:58, 5 қазан 2024

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингте 58-ші орында тұрған отандасымыз әлемнің 31-ші ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен кездесті.

Шевченко екі сетте басым болды. Есеп: 7:6 (9:7), 7:5.

Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды.

Осылайша Қазақстанның екінші ракеткасы турнирдің үшінші айналымына жол тартты. Енді ол әлемдік рейтингте 65-ші орында тұрған чех тенисшісі Якуб Меньшиковпен өзара бақ сынасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!