Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден озды
© Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева 63 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен марқұм әншінің жерлесі, журналист Оралхан Дәуіт Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
"Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды", делінген жазбада.
Сондай-ақ ол марқұмның жаназасы 6 қазанда сағат 12-де Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жамбыл ауылында өзі туып-өскен қарашаңырақта өтетінін де нақтылай көрсеткен.
Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаева Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Майбұлақ ауылының тумасы. "Мен саған өкпелемеймiн" атты әнімен елге кеңінен танымал талантты әншінің "Бишi қайың", "Қыз-қарағай", "Сары бидай", "Мен деп ойла", "Сүйген жүрек", "Туған жер", "Наркескен", "Күз секiлдi" сияқты туындыларды орындау арқылы көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті