Астанада мұғалімдер күнінде саланың 3 500 үздік маманы ведомстволық наградаларға ие болды
© Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда елорданың білім беру ұйымдарында 26 944 педагог жұмыс істейді. Мұғалімдер күні қарсаңында ведомстволық наградаларға саланың 3500 үздік маманы ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаңа 2024-2025 оқу жылында Астананың білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993-і жайлы мектептерге. Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды", делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.
Елорда педагогтері мынадай ерекше наградалармен марапатталды:
- "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы,
- "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілері,
- "Астана қаласының құрметті педагогі" төсбелгілері,
- алғыс хаттар мен грамоталар.
Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға барады.
Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша "Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз" тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





