Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін. WBO мәлімдеме жасады
© Сурет: X/Janibek Alimkhanuly
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми сайтында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Әлем чемпионы атағынан айыру ықтималдылығы туралы мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қазанда Австралияның Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі 16-шы жекпе-жегін өткізді. Жерлесіміздің қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович болды. Жекпе-жек тоғызыншы раундта "қазақ стиліндегі" нокаутпен аяқталды.
Бастапқыда Әлімханұлының бұл жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеулер ойнатылады деп жоспарланған, алайда ақырында ол тек IBF атағына деген таласпен шектелді. Осыған байланысты WBO ережелерді бұзғаны үшін Әлімханұлын өз ұйымының чемпиондық белбеуінен айырулары мүмкін екенін айтып, мәлімдеме жасады. Осылайша, отандық боксшының командасына WBO-ның орта салмақтағы чемпиондық белбеуі бос деп жарияламасы үшін бұл арада дәлелді себептерді бес күш ішінде алға тарту тапсырылды.
Яғни, Жәнібек Әлімханұлы, егер оның командасы Михайловичпен жекпе-жекте неге бір ғана белбеу қойылғанын дәлелдей алмаса, WBO белбеуінен айырылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





