Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды
© Фото: pexels
2024 жылдың 4 қарашасында әлеуметтік желілерде "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп аталған Хасан Қасымбаевтың Талғарда ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті не айтты - Zakon.kz материалында.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі:
Ол Талғардағы жасөспірімді өлтіруге қатысы бар "Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп аталды, дегенмен Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтың барын жоққа шығарады.
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 2 қарашасында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру және 2021 жылдың маусым айында жасалған ұрлау күдігімен азамат К. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде.
Іс материалдары бұлтартпау шарасын қолдану үшін сотқа жіберілді.
Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:25, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі
-
20:25, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қандай көмек көрсетіледі
-
20:14, 26 желтоқсан 2024
Embraer-190 ұшағының «қара жәшігі» Ақтауға сарапшылар келгеннен кейін бір-ақ ашылады
-
19:52, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апаты: Зардап шеккен 29 адамның алтауы Қазақстанда емделуде
-
19:48, 26 желтоқсан 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты