Су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған қаражат ұрланды – Қайырымдылық қордың жетекшісі қамауға алынды
© Сурет: Instagram/01pk
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚМА ақпаратына сүйенсек, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.
Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды.
"Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы "St. Regis", "Shangri-La", "Palazzo Versace" және "Kempinski" сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.
"Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Осылайша, Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.
Күдікті ұсталды.
"Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе +7 (7172) 70-33-89 (қосымша 21384) телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз",- деп мәлімдеді ҚМА.
Бұған дейін ТЖМ-ның су тасқынын модельдеу жүйесін тез арада аяқтауға уәде бергені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 11 желтоқсан 2024
Қызылорда облысында есірткі зертханасының көзі жойылды
-
19:42, 11 желтоқсан 2024
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
-
19:35, 11 желтоқсан 2024
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш азаматтары ұсталды
-
19:07, 11 желтоқсан 2024
БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды
-
18:57, 11 желтоқсан 2024
Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады