Шымкентте ер адамның ми қан тамырына күрделі ота жасалды

14:43, 8 шілде 2024

© Сурет: №2 қалалық аурухана

Шымкентте тың тәсілмен ми қан тамырларына ота жасалды. Осылайша 38 жастағы ер азамат инсульттан аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ота құны 6 млн 200 мың теңге болған. Алайда бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін өтті. Күрделі хирургиялық ем шарасын №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады, деп жазды otyrar.kz.

Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады.

"Артериовенозды мальформацияны" емдеуде ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Дәрігерлер бұл жолы қан айналымын бітеген тамырларды эмбализация жасап, тіліксіз отаның тың әдісін қолданды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Дегенмен дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуға тиіс.

"Ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Ашық ота жасаған уақытта бұл мальформацияны кесіп алып тастаймыз. Тамырдың ішімен болса, онда бітеу отасы жасалады. Біз қазір сол артериовенозды мальформацияны бітеумен айналыстық. Операция ойдағыдай өтті. Науқастың қазіргі таңдағы жағдайы жақсы, қазір қалыпқа келді. Негізі отадан кейін наркоздан кейінгі екі сағаттай уақыт, науқасты оятуға, қалпына келуіне кетеді".№2 қалалық аурухана нейрохирургі Еркін Медетов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!