Қарағанды облысында жоғалған әйел шөп қорадан табылды

14:05, 29 қараша 2026
MKZ: 1580349

© Сурет: видео скрині

Қарағанды облысында 1985 жылы туған әйел табылды. Ол бір күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қарашада әйел Қарағанды қаласынан жолай көлікпен Нұра ауданының Изенді ауылына қарай шыққан. Содан кейін онымен байланыс үзілген.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Сонымен қатар дрондар мен кинологиялық топтар тартылды.

29 қараша күні таңертең жоғалған әйел жергілікті тұрғынның шөп сақтайтын қорасынан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!