29 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады

16:00, 28 қараша 2026
MKZ: 1580251

© Фото: Zakon.kz

"Қазгидромет" 2026 жылғы 29 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбі, 29 қарашада, синоптиктердің болжамынша, еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!