Маңғыстауда ірі мұнай компаниясы топырақты ластағаны үшін айыппұл төледі
© Сурет: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында "Емир Ой" ЖШС тазартылмаған ағын суды тікелей топыраққа төккені үшін 5,2 млн теңге айыппұл арқалады. Құқық бұзушылық Долинное кен орнында жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz. басылымының 2026 жылғы 27 қыркүйектегі мәліметі бойынша, "Долинное-7" және "Долинное-112" ұңғымаларында шығару желілерін парафин шөгінділерінен тазарту жұмыстары жүргізілген.
Алайда ұсынылған құжаттарға қарамастан, сұйықтықты жинауға арналған арнайы ыдыс болмаған. Соның салдарынан тазартылмаған ағын су тікелей топыраққа төгілген.
"ҚР Экологиялық кодексінің 106, 213 және 216-баптарына сәйкес, тазартылмаған ағын суды жер бетіне төгуге қатаң тыйым салынған. Ал операторлар экологиялық рұқсат талаптарын мүлтіксіз сақтауға міндетті", – делінген хабарламада.
Заң талаптарын сақтамағаны үшін "Емир Ойл" ЖШС-не 1200 АЕК (5,2 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Компания айыппұлды бір апта ішінде төлеп, 50 пайыздық жеңілдікке ие болған. Осылайша, "Емир Ойл" ЖШС мемлекет кірісіне 2 595 000 теңге аударды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:46, 28 қыркүйек 2026
254 келі болған ер адам 158 келі салмақ тастады
-
13:34, 28 қыркүйек 2026
Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті
-
13:22, 28 қыркүйек 2026
Екібастұзда екі жас жүргізуші жолда қауіпті трюк жасаған
-
13:14, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері үш күнге жабылады: себебі белгілі болды
-
13:09, 28 қыркүйек 2026
Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма: ТЖД болжамды жариялады





