«Үсік жүреді». Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

15:19, 27 қыркүйек 2026
MKZ: 1569163

© Сурет: magnific

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде, "Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады.

Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе және Қостанай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2,3 градус сықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде де топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі - Атырау және Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 27 қыркүйекте еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!