Жаяу жүргіншілер көлік соқтығысынан әрең қашып үлгерді: Астанадағы жол апаты видеоға түсті
© Фото: Zakon.kz
Астананың орталығында Тұран даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол апаты болды. Екі көліктің соқтығысқан сәтін басқа автокөліктің бейнетіркегіші түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апаттың видеосы Threads әлеуметтік желісінде тарады. Кадрлардан жүргізушілердің қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамдарға жол беріп тұрғанын көруге болады.
Осы кезде Орынбор көшесі жақтан жылдамдықпен шыққан көлікке Тұран даңғылымен келе жатқан екінші автокөлік соқтығысады. Шошып кеткен жаяу жүргіншілер көлік соққысынан шетке қашып үлгереді.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне жол апатының мән-жайын түсіндірді.
"Changan автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысындағы бағдаршаммен реттелетін жол қиылысында рұқсат беретін сигнал жанған кезде қиылыстан өтіп шығуды аяқтап жатқан көлікке жол бермеген. Соның салдарынан Hyundai автокөлігімен соқтығысқан", – деді ведомство өкілдері 2026 жылғы 27 қыркүйекте.
Соқтығыс салдарынан Changan жүргізушісі зардап шекті. Оны шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізген. Дәрігерлер қарап, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жүргізуші амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Жол апаты фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Қарағандының солтүстік айналма жолында Volvo жүк көлігі аударылған еді. Жол апаты салдарынан 37 жастағы жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 28 қыркүйек 2026
Белгілі миллионер оталып тұрған көліктің рөлінде мас күйінде табылып, қамауға алынды
-
11:01, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанның оңтүстігінде жасөспірім ауыл тұрғынына пышақпен шабуыл жасады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
-
10:45, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда екі орман өрті тіркелді
-
10:32, 28 қыркүйек 2026
Ер адам көршісінің кішкентай баласы арқылы әйелдің атына несие рәсімдеген
-
10:21, 28 қыркүйек 2026
Ақтауда жүк көлігі жолдың жабылуына себеп болды





