Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма: ТЖД болжамды жариялады

13:09, 28 қыркүйек 2026
MKZ: 1569285

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бүгінгі жер сілкінісінен кейін қалада күшті дүмпулер күтіле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департамент мәліметінше, 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 09:38-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болған. Оның Алматыдағы сезілу қарқындылығы 3–4 баллды құрады.

"Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының болжау комиссиясының қорытындысына сәйкес, сағат 10:30-дағы жағдай бойынша жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Сабыр сақтап, тек ресми мәліметтерге сенулеріңізді сұраймыз. Жағдай Алматы қалалық ТЖД бақылауында", – делінген хабарламада.

Жер сілкінісінен кейін құтқарушылар өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында ықтимал зақымдардың бар-жоғын көзбен шолып тексерді.

Осы күні таңертең ерте Қазақстанда тағы бір сейсмикалық оқиға тіркелген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!