Қазақстан Азиада-2026 ойындарында көркем жүзуден медаль жеңіп алды

09:46, 28 қыркүйек 2026
MKZ: 1569231

© Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Жапонияда жазғы Азия ойындарының тоғызыншы жарыс күні өтіп жатыр. Бұл күні Қазақстан құрамасы кезекті медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның көркем жүзуден құрама командасы Азиада жүлдегері атанды. Бұл туралы 2026 жылғы 28 қыркүйекте Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Қазақстандық спортшылар аралас командалар арасындағы жарыста 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 299,2117 ұпаймен Қытай құрамасы иеленді. Жапония 286,2688 ұпаймен екінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Туякова, Даяна Джаманчалова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 41 медаль бар: 9 алтын, 10 күміс және 22 қола. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бесінші орында тұр.

Бұған дейін семсерлесуден ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы алтын медаль жеңіп алып, 24 жылдан кейін алғаш рет Азиада чемпионы атанған еді.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!