Қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы екі мерзімді әскери қызметші туралы қауесет таратпауға шақырды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді әскери қызметтегі екі матрос – Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2026 жылғы 28 қыркүйектегі мәліметінше, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы барысында жеке құрамның бір бөлігі жағада болып, оқу-жаттығу жоспарында көзделген тапсырмаларды орындаған.
Сөз болып отырған мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағада оқу-жаттығу тапсырмаларын орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болған.
"Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімде және күн тәртібіне сәйкес қызметін атқарып жүр", – деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұдан кейін министрлік азаматтарға үндеу жасады.
"Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға, Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламаларына сүйенуге шақырамыз", – делінген ведомство хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:21, 28 қыркүйек 2026
Ақтауда жүк көлігі жолдың жабылуына себеп болды
-
10:12, 28 қыркүйек 2026
Конституциялық сот судьясы төрағаның орынбасары болып тағайындалды
-
10:06, 28 қыркүйек 2026
Жалған нөмір таққан жолаушылар автобусы анықталды
-
09:53, 28 қыркүйек 2026
ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады
-
09:46, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан Азиада-2026 ойындарында көркем жүзуден медаль жеңіп алды





