Екібастұзда екі жас жүргізуші жолда қауіпті трюк жасаған
© Фото: unsplash
Екібастұзда әлеуметтік желіге контент түсіру үшін жолда қауіпті трюктер жасаған екі жас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 27 қыркүйекте қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Қазнетте тараған видео құқық қорғау органдарының назарын бірден аударған. Полиция түсірілімге қатысушыларды жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Құқық бұзушылардың жергілікті тұрғындар екені және олардың жасы 19 және 22-де болғаны анықталды.
Полицияның мәліметінше, 19 жастағы жігіт ВАЗ-2114 көлігін тізгіндеп, техникалық жағдайына байланысты пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған.
Осы уақытта 22 жастағы Mercedes жүргізушісі көлікпен қатар келе жатып, болып жатқан жағдайды рөлде отырып ұялы телефонға түсірген. Осылайша ол гарнитурасыз гаджет пайдалану ережесін бұзған.
"Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша екі жүргізушіге қатысты бес әкімшілік материал толтырылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды", – деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство жарыс ұйымдастыру және жолда қауіпті видеолар түсіру жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін тағы бір рет еске салды.
Бұған дейін Қызылордада полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен қала көшелерінде қауіпті әрекеттер жасаған 21 жастағы мас жүргізушіні анықтап, ұстаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақы жаңа қағидат бойынша тағайындалады: не өзгереді
-
14:38, 28 қыркүйек 2026
415 млн теңге айналымға түскен іс: Қарағандыда дропперлер тобы әшкереленді
-
14:27, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда қыркүйектің соңы жауын-шашынсыз өтеді: 1 қазанда ауа райы өзгереді
-
14:15, 28 қыркүйек 2026
7000 метр биіктікте қар көшкіні жүріп, 14 адам хабар-ошарсыз кетті
-
14:07, 28 қыркүйек 2026
Салық күнтізбесі: 2026 жылғы қазанда қандай салықтар мен төлемдерді төлеу керек





