Белгілі миллионер оталып тұрған көліктің рөлінде мас күйінде табылып, қамауға алынды
© Фото: pexels
АҚШ-та лотереядан 167 млн доллар (шамамен 80 млрд теңге) ұтқан Джеймс Фартинг тағы да қамауға алынды. Ол супермаркет тұрағында оталып тұрған Ford Mustang көлігінің ішінде мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы LEX News басылымы жазды. Басылым мәліметінше, Джорджтаун қаласында полиция жолда теңселіп жүрген күмәнді Ford Mustang көлігін тексерген.
Полиция қызметкерлері көлікті супермаркет тұрағынан тапқан. Ішінде мас күйдегі Фартинг ұйықтап жатқан. Оны әрең оятқан тәртіп сақшыларына миллионер көлікті өзі емес, кетіп қалған танысы жүргізгенін айтқан.
"Алайда бейнебақылау камераларының жазбалары оның сөзін жоққа шығарды: көлік тұраққа келгеннен бастап полиция жеткенге дейін ішінен ешкім шықпаған. Нәтижесінде Фартинг қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін қамауға алынып, округтік түрмеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Бұл – Фартингтің 2025 жылғы сәуірде Powerball лотереясынан 167,3 млн доллар көлеміндегі бас жүлдені ұтып алғаннан кейін заңмен байланысты кезекті мәселесі.
Шілдеде ол отбасындағы зорлық-зомбылық пен тұншықтыруға қатысты айып бойынша ұсталған. Сол кезде сот оны 15 мың доллар кепілмен босатып, электронды білезік тағуды міндеттеген. Бұдан бөлек, ол Флоридадағы қонақүй барында төбелеске және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы болған.
Бұған дейін полиция Шымкент көшелеріндегі түнгі жарысты тоқтатқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:56, 28 қыркүйек 2026
ЕО мигранттар ағымына байланысты жаңа шаралар әзірлеп жатыр: не өзгереді
-
12:29, 27 қыркүйек 2026
Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды
-
20:08, 25 қыркүйек 2026
Данангқа ұшпақ болған ұшақта өрт шықты: бортта не болды
-
13:46, 25 қыркүйек 2026
Ғалымдар ұзындығы 300 метрлік тау туннеліндегі ежелгі құпияны ашты
-
12:40, 25 қыркүйек 2026
Қалыңдық үйлену тойында асабамен көңіл қосып, жаппай төбелес шығарған





