ЕО мигранттар ағымына байланысты жаңа шаралар әзірлеп жатыр: не өзгереді
© Сурет: pexels
Германияның Мюнхен қаласында Еуропа елдерінің ішкі істер министрлері заңсыз көші-қонмен күрес және сыртқы шекаралардағы бақылауды күшейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
WELT басылымының мәліметінше, кездесу 2026 жылғы 26 қыркүйекте өтті. Оған 18 министр қатысты, алайда оның арасында Испания өкілі болған жоқ. Негізі бұл мәселенің талқылану себебінің бірі осы Испаниядағы жағдай еді. Өйткені биыл жазда дәл Испанияның Сеута эксклавы көші-қон дағдарысының орталығына айналып, Мароккодан Сеутаға 72 мыңнан астам адам шекарадан өткен.
Германияның ішкі істер министрі Александр Добриндт пен Еуропалық Одақтың ішкі істер және көші-қон жөніндегі комиссары Магнус Бруннер сыртқы шекаралардағы бақылауды күшейту қажет екенін мәлімдеді.
Сондықтан Frontex агенттігінің мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылып отыр. Бұл төтенше жағдай туындаған кезде агенттік зардап шеккен елге 24 сағат ішінде жедел топ жіберуге мүмкіндік береді. Frontex – Еуропалық Одақтың сыртқы шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агенттік.
ЕО елдері дағдарыстық жағдай ресми түрде мойындалған жағдайда мигранттарды қайтару рәсімдерін жеделдетуді де жоспарлап отыр. Сонымен қатар бірнеше елде қайтару орталықтарын құру жоспарлануда. Онда мигранттар тиісті рәсімдерден ЕО аумағынан тыс жерде өте алады.
Басылымның хабарлауынша, кездесу барысында Германияның ішкі істер министрі жаңа визалық стратегия әзірленіп жатқанын да мәлімдеген.
Қазақстан Шенген визасын алу тәртібін жеңілдету бағытында жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы 2026 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:29, 27 қыркүйек 2026
Анатолий Кашпировский 86 жасында әке атанды
-
20:08, 25 қыркүйек 2026
Данангқа ұшпақ болған ұшақта өрт шықты: бортта не болды
-
13:46, 25 қыркүйек 2026
Ғалымдар ұзындығы 300 метрлік тау туннеліндегі ежелгі құпияны ашты
-
12:40, 25 қыркүйек 2026
Қалыңдық үйлену тойында асабамен көңіл қосып, жаппай төбелес шығарған
-
11:12, 25 қыркүйек 2026
Қысқа құйрықты қасқырдың жаңа түрі анықталды





