Қарақшылар мұнай танкерінің экипажын кепілге алып, өтемақы талап етті
© Сурет: pexels
Басра провинциясындағы Ирак тайпасының мүшелері Аден шығанағында қарақшылар басып алған мұнай танкерін азат етті. Арнайы операция барысында экипаж босатылып, шабуыл жасаған жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Shafaq News басылымының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын шейх Али әл-Шағанби айтып берген. Оның сөзінше, кеме әл-Шағанба тайпасының мүшесіне тиесілі. Қарақшылар танкер Аден шығанағы арқылы өтіп бара жатқанда оны басып алып, экипаж мүшелерін кепілге ұстаған және өтемақы талап еткен.
Кемені құтқару үшін Абу-эль-Хасиб ауданы мен Джикур ауылының тұрғындары кеме иесінің туыстарымен бірге шетелдік серіктестермен үйлестіре отырып операция ұйымдастырған. Рейд нәтижесінде қарақшылар болуы мүмкін жеті адам ұсталып, экипаж мүшелері босатылды.
Шейхтің айтуынша, шабуыл жасаған бірнеше адам қашып кеткен. Танкердің атауы, операцияның нақты қашан жүргізілгені, экипаж құрамы және ресми билік өкілдерінің операцияға қатысқаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Бұған дейін АҚШ әскери кемелерге жасалған шабуылдан кейін Иранның мұнай флотына соққы берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақы жаңа қағидат бойынша тағайындалады: не өзгереді
-
14:38, 28 қыркүйек 2026
415 млн теңге айналымға түскен іс: Қарағандыда дропперлер тобы әшкереленді
-
14:27, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда қыркүйектің соңы жауын-шашынсыз өтеді: 1 қазанда ауа райы өзгереді
-
14:15, 28 қыркүйек 2026
7000 метр биіктікте қар көшкіні жүріп, 14 адам хабар-ошарсыз кетті
-
14:07, 28 қыркүйек 2026
Салық күнтізбесі: 2026 жылғы қазанда қандай салықтар мен төлемдерді төлеу керек





