Маңғыстау облысында «Бірлестік-2024» өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы өтеді

11:43, 8 шілде 2024

© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады. Әскери маневрлер "Оймаша" полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді.

"Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылатын болады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бірлестік-2024 өңірлік халықаралық оқу-жаттығуы, Маңғыстау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2024 11:43

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды өткізу де қарастырылған. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, "Бағдар" тактикалық бағдарлау және армиялық тактикалық атыстар бойынша жарыстар өтеді.

Өңірлік халықаралық оқу-жаттығу, Бірлестік-2024, Маңғыстау, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2024 11:43

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!