Көлік құралдарының меншік тарихы: eGov mobile-де жаңа қызмет пайда болды

15:36, 28 қараша 2024

© Сурет: ҚР "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі

Енді eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты бірден біле алады. Бұл туралы 2024 жылғы 28 қарашада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін көлік тарихын тексеру сервисі электрондық үкімет порталында қолжетімді болған.

"Енді eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі",- делінген ведомство ақпаратында.

Сервис көлік құралдары туралы келесі ақпараттарды береді.

  • ҚР аумағында алғашқы тіркелген күні,
  • кепіл немесе ауыртпалықтың болуы,
  • алдыңғы иелерінің жалпы саны.
"Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады".ҚР "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі

Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметтері, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың болуы ұсынылады.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, "Қызметтер" – "Жүргізу және көлік" бөліміне өтіп, "Автокөлікті иелену тарихы" тармағын таңдаңыз;
  • автокөліктің мемлекеттік нөмірін және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірін көрсету;
  • "Іздеу" батырмасын басыңыз;
  • көлік туралы толық мәліметті жылдам әрі оңай алыңыз.

Бұған дейін Egov мобильді қосымшасындағы уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты сауалнама аяқталғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!