Депутат Үкіметке кадр тапшылығы мәселесін шешудің оңтайлы жолдарын ұсынды
© Сурет: Zakon.kz
Депутат Нұргүл Тау 27 қарашада Парламент Мәжілісі палаталарының жалпы отырысында Қазақстандағы кадр тапшылығы мәселесін қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Нұргүл Тау елімізде кадр тапшылығы өте өткір мәселе екенін баса атап өтті.
"2030 жылға қарай мамандарға деген қажеттілік 1 млн 800 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Қоғамда дәл осындай күрделі мәселе барда, жұмысшылардың қызметінен жаппай босатылып жатқанын қалай түсінуге болады? Мәселен, бір жылдың көлемінде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында 398 адам, №10 қалалық емханасында 121 адам, №30 қалалық емханасында 90 адам және Көкшетаудағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасында 153 адам жұмыстан кеткен. Барлығының да айтары бір, ол – жаңа басшының келуімен қысымның күшейіп кетуі. Сірә, қызметкерлерді жұмыстан шығарудың тиімді тәсілі – қысым көрсету болса керек", - деді ол.
Оның айтуынша, аталған жайт денсаулық сақтау, білім беру секілді мемлекеттік және бюджеттік салаларда жиі кездеседі. Осыған байланысты депутат үлкен ұйымдарда бір жылдың көлемінде қол астындағы жұмысшылардың 30%-нан астамы жұмыстан шыққан жағдайда бірінші басшыға әкімшілік жауапкершілік тағайындауды, сондай-ақ 50%-ы жұмыстан шыққан жағдайда басшыны лауазымдық қызметінен босатуды ұсынды.
"Бұл шара аталған мәселенің қайталанбауына, басшы құрамның өзімен бірге командасын ертіп жүруін тоқтатуға бағытталуы керек. Екіншіден, еңбек министрлігі жұмыстан жаппай шығу немесе шығару жағдайларының есебін жүргізуі, тиімді тексеріс өткізу әдістерін әзірлеуі және қолданысқа енгізуі керек. Себебі, қазіргі уақытта мұндай статистика да, нәтижелі тексеріс те жүргізіліп жатқан жоқ. Үшіншіден, басшыға зейнет жасына таяған қызметкермен еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тартқаны немесе тоқтатқаны үшін жауапкершілікті көздеу керек", - дейді ол.
Сондай-ақ, депутат еліміздегі кәсіподақ қызметін жетілдіруді де ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:22, 27 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналым 30 миллиард долларға жуық
-
20:00, 27 қараша 2024
Қазақстанда алты шетелдік сотталды
-
19:51, 27 қараша 2024
Астанада қиын жағдайға тап болған үш жасар бала құтқарылды
-
19:25, 27 қараша 2024
Қазақстан суретшісі өзі салған «Достық көпірі» картинасын Путинге сыйлайтын болды
-
18:54, 27 қараша 2024
Ақтауда жертөледен ер адамның денесі табылды