Қазақстан мен Ресейдің өзара есеп айырысуындағы ұлттық валюталар үлесі 90%-ды құрайды
© Сурет: Zakon.kz
Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылғы 27 қарашада Қазақстан мен Ресей Федерациясының өзара есеп айырысуындағы ұлттық валюталардың үлесі 90%-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевпен арада болған келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей президенті атап өткендей, екі елдің валютасындағы сауда коммерциялық операцияларды сыртқы, оның ішінде саяси жайттардың теріс әсерінен қорғауға мүмкіндік береді.
"Біздің еліміз - Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. Жинақталған ресейлік инвестициялардың жалпы көлемі - 13 млрд доллар", - деді Владимир Путин.
Ол Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам іскерлік құрылым жұмыс істейтінін және Қазақстан экономикасының негізгі салаларында 60-тан астам ірі бірлескен жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
"Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарға сай дамып келеді. Каспий құбыр консорциумы қызметінің арқасында Ресей территориясы және ресейлік порттар инфрқұрылымы арқылы Қара теңізге сыртқы нарыққа экспортталатын қазақстандық мұнайдың негізгі көлемі өтеді. Өз кезегінде Ресей мұнайы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жөнелтіледі", – деді Владимир Путин.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық және ресейлік бизнеске келтірілетін кедергілерді жоюдың маңыздылығына тоқталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:26, 27 қараша 2024
ҰҚШҰ отырысы: Астанаға Лукашенко, Жапаров, сондай-ақ Шойгу да жетіп алды
-
23:09, 27 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды
-
22:52, 27 қараша 2024
Тоқаев орыс тілінің біріктіруші рөліне тоқталды
-
22:33, 27 қараша 2024
Қазақстан алғаш рет Ресейдің ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне енді
-
22:20, 27 қараша 2024
Тоқаев Путинмен арадағы келіссөз туралы: Іскерлілігімен, ашықтығымен ерекшеленді