ҰҚШҰ елдерінің басшылары қандай құжаттарды қабылдады

16:49, 28 қараша 2024

© Сурет: akorda.kz

28 қарашада Астанада ҰҚШҰ елдері Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Нәтижесінде мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясын қабылдап, бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақордада хабарлады.

  • ҰҚШҰ-ның тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді.
  • Президенттер сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы туралы Мәлімдеме қабылдады және бұл датаны 2025 жылы атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

"Астанада қабылданған құжаттар Ұйымның және оның барлық мүшелерінің мүддесі үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған", — делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!