Тоқаев орыс тілінің біріктіруші рөліне тоқталды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 27 қарашада Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен арада өткен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында екі елдің қарым-қатынасындағы орыс тілінің біріктіруші рөлін баса атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Қазақстан мектептерінде оқитын балалардың үштен бірі орыс тілінде білім алатынын айтты.
"Қазақстанда біз бұл мәселеге үлкен мән береміз, сондықтан да мен орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құруды ұсындым. Келіссөздердің тағы бір маңызды тақырыбы Қазақстан мен Ресей территориясында тұратын отандастарымызды қолдау жайы болды. Бұл арада "Отандастар" қоры мен Россотрудничество арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылуының маңызды мәне ие. Осы бағытта келіссөздер жүргізілуде", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол мұндай уағдаластықтар Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда ерекше рөл атқаратынын және жұртшылық тарапынан кең қолдау табатынын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда орыс тілінің кеңінен және еркін қолданылуына жоғары баға берді. Ол Қазақстан басшылығы орыс тілін жан-жақты қолдайтынын айтып, президентке орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасы үшін ризашылығын білдірді.
"Ресей Қазақстанда жаңа орыс тілді мектептердің салуға және жалпы орыс тілінде білім беру сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Жақында осындай тағы үш мектепті Қазақстанда ашуды жоспарлап отырмыз", - деді Владимир Путин.
Бұған дейін Қазақстан алғаш рет Ресейдің ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне енгенін хабарланған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:26, 27 қараша 2024
ҰҚШҰ отырысы: Астанаға Лукашенко, Жапаров, сондай-ақ Шойгу да жетіп алды
-
23:09, 27 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды
-
22:33, 27 қараша 2024
Қазақстан алғаш рет Ресейдің ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне енді
-
22:25, 27 қараша 2024
Қазақстан мен Ресейдің өзара есеп айырысуындағы ұлттық валюталар үлесі 90%-ды құрайды
-
22:20, 27 қараша 2024
Тоқаев Путинмен арадағы келіссөз туралы: Іскерлілігімен, ашықтығымен ерекшеленді