Қазақстанда алты шетелдік сотталды

20:00, 27 қараша 2024

© Сурет: pexels

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өткен Бангладештің алты азаматы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы маусымда сотталушылар Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу мақсатында визасыз келген. Олар Қырғыз Республикасынан өткізу пункттерінен тыс шекараны заңсыз кескен.

Шекара қызметінің қызметкерлері оларды Қостанай облысындағы өткізу пунктінде болған сәтте ұстады.

Сот сотталушыларға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсысына 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны түпкілікті тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!