Тоқаев шағын құрамдағы келіссөздер кезінде нендей мәселелер талқыланғанын айтты
© Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 27 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тоқаев Астанада қонақтарды қарсы алғанына қуанышты екенін айтты.
"Қазақстанға мемлекеттік сапармен келу туралы шешіміңізге тағы да ризашылығымызды білдіреміз, бұған дейін де атап өткенімдей, ол біздің стратегиялық әріптестігімізді кеңейту және тереңдету тұрғысынан үлкен маңызға ие. Шағын құрамда жаңа ғана біз күн тәртібіндегі барлық мәселені егжей-тегжейлі әрі іскерлік атмосферада талқыладық. Күн тәртібінің көлемі ауқымды. Өзара ынтымақтастыққа келетін болсақ, менің ойымша, ортақ пікірге келе алдық", - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті қос үкіметке де тиісті тапсырмалар берілгенін және алда үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.
"Мен, президент ретінде, әрине, бұл жұмыстарды бақылайтын боламын, өйткені біз Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты дамытуға басымдық береміз. Біздің мемлекеттеріміз арасында қандай да бір қиын проблемалар жоқ... Ынтымақтастық дамып келе жатқанда, әрине, мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының назарын талап ететін сәттер пайда болатыны белгілі. Ол үшін барлық мәселені шешуге бағытталған осы тектес іс-шаралар жүзеге асырылады", - деп сөзін толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бүгін жалпы мәлімдемелер, декларациялардан тұратын ауқымды құжаттар пакетіне қол қойылады.
"Мұның бәрі, әрине, өте маңызды. Біздің ынтымақтастығымыз өрлеуші бағытта дамып келеді әрі қайтарымсыз серпінге ие, әрине, біздің міндетіміз оның өз қарқынын төмендетпеу, елдеріміз арасындағы сауда-саттықтың ойдағыдай дамыту, инвестициялық ынтымақтастықты тереңдете түсу, сондай-ақ, әрине, гуманитарлық және білім беру салаларындағы байланыстар да жоғарылай дамытудан тұрады ", - деп сөзін аяқтады Мемлекет басшысы.
Айта кетсек, 28 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:31, 20 ақпан 2026
Тоқаев Бен Блэкті қабылдады
-
23:28, 19 ақпан 2026
Президент: Еліміз Газа секторындағы ахуалды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын
-
08:00, 19 ақпан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді
-
15:13, 22 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді
-
19:11, 22 желтоқсан 2025
Тоқаев Путинмен кездесті: Қазақстан мен Ресей көшбасшылары не туралы сөйлесті





