Қазақстанда көлік жүргізушілерінің ағзасындағы алкоголь мөлшеріне қатысты жаңа норма ұсынылды
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр Сәрсенбаева 2026 жылғы 3 қарашада Үкімет кулуарында жүргізушінің ағзасындағы алкоголь мөлшерінің қандай көрсеткіші оны ішімдік ішкен деп тануға негіз болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гүлнәр Сәрсенбаеваның айтуынша, бұйрық жобасы қазір талқылаудан өткен. Енді оны мемлекеттік органдармен, ең алдымен Әділет министрлігі және Ішкі істер министрлігімен келісуге жіберу жоспарланып отыр.
"Бұйрық жобасында 0,3 промилле және одан жоғары көрсеткіш алкоголь тұтыну фактісі деп танылсын деген норма ұсынылып отыр. Ал бұдан төмен көрсеткіш ағзада табиғи түрде түзілетін эндогендік алкогольге жатқызылады. Ол зат алмасу процесі кезінде пайда болатын аз мөлшердегі спирт. Әдетте мұндай жағдай ашытқы қосылған өнімдерді, нан-тоқаш өнімдерін көп тұтынатын адамдарда кездеседі. Көмірсулар ыдыраған кезде спирт бөлінетінін білеміз. Қалыпты жағдайда 0,3 промиллеге дейінгі көрсеткіш ағзаның тіршілік әрекетіне байланысты болады", – деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, мұндай межені белгілеу алдағы уақытта даулы мәселелердің алдын алуға көмектеседі.
"Егер алкотестер 0,2 промилле көрсетсе, бұл мәселені осымен жабуға болады", – деп есептейді спикер.
Сонымен қатар ол жаңа норманы енгізу қоғам үшін қосымша қауіп тудырмайтынын атап өтті. Себебі медициналық куәландыру кезінде алкоголь тұтыну фактісі ғана емес, адамның жалпы жағдайы да ескеріледі.
"Тексеру кешенді түрде жүргізіледі. Алкотестер көрсеткішімен қатар адамның клиникалық жағдайы, яғни сөйлеуі, көзқарасы, қимыл-қозғалысы мен үйлесімділігі, сондай-ақ зертханалық талдау нәтижелері ескеріледі. Осы деректердің барлығы негізінде алкогольдік масаңдық дәрежесі – жеңіл, орташа немесе ауыр екені анықталады", – деп түсіндірді Гүлнара Сәрсенбаева.
Құжатты биылғы жылдың соңында немесе 2027 жылдың басында келісіп, бекіту жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:12, 3 қараша 2026
Хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі анықталды
-
21:53, 3 қараша 2026
Атырауда TikTok-та терроризм туралы айтқан екі әйел жауапқа тартылды
-
20:44, 3 қараша 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, үсік және өрт қаупі сақталады
-
20:44, 3 қараша 2026
Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, үсік және өрт қаупі сақталады
-
20:37, 3 қараша 2026
Астана маңындағы тасжолда пикап патрульдік көлікке соғылды: полицей ауруханаға түсті





