Астана маңындағы тасжолда пикап патрульдік көлікке соғылды: полицей ауруханаға түсті

20:37, 3 қараша 2026
MKZ: 1575801

© Фото: Zakon.kz

Ақмола облысындағы тасжолда JAC T9 пикапы патрульдік полиция көлігіне соғылды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен полицей ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты бүгін, 2026 жылғы 3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, JAC T9 көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын алып келе жатқан полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Патрульдік көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!