Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, үсік және өрт қаупі сақталады

20:44, 3 қараша 2026
MKZ: 1575802

© Фото: unsplash

Синоптиктер бірнеше өңірде тұман түсіп, кей жерлерде қар, көктайғақ және қатты жаңбыр болатынын ескертті. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 4 градус үсік күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы және Қонаев қалаларында жоғары өрт қаупі бар. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында тұман түсіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында және таулы аудандарында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыс бойынша 2-7 градус үсік күтіледі. Талдықорған қаласында түнде 4-6 градус үсік болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Павлодар қаласында да тұман болады.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!