Қауқары кеткен әкесін соққының астына алған түркістандық жігіт 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында егде жастағы әкесіне жұдырық жұмсаған тұрғынның ісі жаңа сатыға өтпек. Халықты дүрліктірген қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"КТК" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, 40 жастағы ер адам жұбайымен бірге жылдар бойы қарт әкесін қорлап, ұрып-соғып келген. Ол тіпті қарияны қан-жоса етіп сабап, үйдің ауласында сүйреген.
Жантүршігерлік кадрларды көршісі таспалап, полицияға өткізген. Көрген қорлығы мен алған жарақаттары салдарынан қария желіде тараған видеодан кейін көпке бармай жан тәсілім етті. Белгілі болғандай, тергеу барысында ұрып-соғу әрекеттері жүйелі түрде болғаны және кейде кәмелетке толмаған балалардың көзінше жасалғаны анықталды.
Тергеу шамамен үш айға созылды. Оның аясында құқық қорғау органдары марқұмның өлімінің нақты себебін анықтау үшін мәйітті эксгумациялауға дейін барған.
Нәтижесінде түркістандық тұрғынға Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: дәрменсіз күйдегі адамды азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін әкесін ұрып өлтірген азғынның әйеліне де қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:06, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
-
12:50, 25 желтоқсан 2025
АҚШ-та егеуқұйрықтардың адамдарға шабуылы жиілеген
-
12:37, 25 желтоқсан 2025
Әзірбайжанда үш жасар бүлдіршін көліктің ішінде қамалып, тірідей өртеніп кетті
-
12:25, 25 желтоқсан 2025
Android жүйесіндегі смартфон иелеріне жаңа вирус туралы ескерту жасалды
-
12:17, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды





