АҚШ қытайлық дрондарды импорттауға тыйым салды: Пекин жауап ретінде қарсы шара қабылдамақ

13:43, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Қытайдың Сауда министрлігінің өкілі АҚШ-тың шетелде өндірілген, соның ішінде қытайлық ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) елге әкелуге тыйым салуына жауап ретінде Қытай тиісті шаралар қабылдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, АҚШ-тың Федералды байланыс комиссиясы (FCC) қауіпсіздік тәуекелдерін алға тартып, шетелде өндірілген жаңа дрондарды импорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім қытайлық DJI және Autel компанияларының АҚШ нарығына жаңа дрон модельдерін жеткізуіне мүмкіндік бермейді.

"Қытай АҚШ-ты қате әрекеттерді тоқтатуға және қабылданған шараларды дереу жоюға шақырады. Егер америкалық тарап өз бетінше әрекет етуді жалғастыра берсе, Қытай қытайлық компаниялардың заңды құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғау үшін қажетті шараларды батыл түрде қабылдайды", – делінген ведомство сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сонымен қатар Пекин Вашингтонның бұл әрекеттеріне үзілді-кесілді наразылық білдіріп отыр. Қытай тарапының айтуынша, АҚШ қытайлық және америкалық компаниялар арасындағы қалыпты коммерциялық мәмілелер мен сауда байланыстарын, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының үндеулерін елемей отыр.

"АҚШ ұлттық қауіпсіздік ұғымын шамадан тыс кеңейтіп, мемлекеттік билікті шетелдік компанияларды, соның ішінде қытайлық кәсіпорындарды басып-жаншу үшін пайдаланып келеді. Бұл – нарық қағидаларын бұрмалаудың және біржақты қысым көрсетудің айқын көрінісі", – деп атап өтілген мәлімдемеде.

Бұған дейн Иранның газ экспорттауды кілт тоқтатқанына байланысты Ирактың энергетикасы саласына үлкен залал келгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!