Талдықорғанда бұзақылар жаңажылдық безендірулерге қырғидай тиюде - бейнежазба
© Сурет: pixabay
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков қала тұрғындарына маңызды мәлімдеме жасады. Шенеунік жаңажылдық көңіл-күй үшін арнайы дайындалған бұйымдар мен безендірулерге ұқыпты қарауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, Андабеков қала қонақтары мен тұрғындарынан шағын сәулет нысандарын бұзбауды сұрады.
"Біз мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін арнайы мүсіншелер дайындаған едік. Алайда, өкінішке орай, бұзақылық әрекет тоқтамай тұр",- деді ол.
Мысалы, бұзақылар сәндік қораптардың біріндегі бантикті жұлып алған. Бұдан бөлек, көпшіліктің назары қызыл дүңгіршекке түсуде.
"Мұны былтырғы жылы да орнатқан едік. Биыл жаңалап қайта қойдық. Бұл жерде есік бар, ол ішіне заттарды орналастыру үшін және түрлі жарықтар беру мақсатында қолданылады. Дегенмен, келушілер оны бұзып, ішіне енген. Қазір қайта жөндеп, шегелеп қойдық",- деді Жеңіс Андабеков.
Бұдан бөлек, шенеунік бұзақылардан зардап шеккен тағы бірнеше сәндік қойылымдарды көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарынан мұндай әрекетке бармауды сұрады.
Өз кезегенде, желі қолданушылары әкім орынбасарының сөзін толығымен қолдап, бұзақыларға тиісті шара қолдану керек екенін айтты.
- Дұрыс қарайық!
- Камера қойып айыппұл салу керек!
- Барлығы халық үшін жасалады, бірақ кейбір адамдар неге сындырып, бұзады екен. Тәртіпті тәрбиелі болайық халқым!
- Халық үшін қала үшін деп жасалған дүниені қызыға қарап күте білу керек...
- Мәдениеттілік әр отбасынан басталады, үлкендерге қарап балада соны жасайды. Сол себепті әр адам өзінен бастаса, қала шыршасы болсын басқасы болсын қадірлеп, күте білсе нұр үстіне нұр болар еді!
- Этикалық және эстетикалық тәрбиені нығайту қажет.
Бұған дейін Грузияда жаңажылдық шырша өртеніп, қала жарықсыз қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 24 желтоқсан 2025
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады
-
18:24, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты
-
18:23, 24 желтоқсан 2025
Тоқаевтың Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі: толық мәтін
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады





