Смайылов бюджеттегі анықталған заңбұзушылықтар көлемінің неге артып жатқанын түсіндіріп берді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР ЖАП төрағасы Әлихан Смайылов 2025 жылғы 24 желтоқсанда Мәжілістегі брифингте республикалық және жергілікті бюджеттердің көлемі ұлғайғанына қарамастан, экономика мен бюджет көлеміне шаққанда заңбұзушылықтар деңгейі жыл сайын төмендеп келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер соңғы кемінде үш жылдағы деректерді салыстырғанда бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану азайып жатыр ма, әлде әр жылғы бюджет көлемін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр ма деген сұрақ қойды.
"Жалпы алғанда, біз жыл сайын анықталған заңбұзушылықтардың едәуір көлемін тіркеп отырмыз. Алайда бұл жерде салыстырмалы талдау жүргізу қажет. Соңғы бес жылда республикалық бюджет шамамен екі есеге өсті. Экономика дамыған сайын бюджет көлемі де ұлғаяды – бұл тек республикалық бюджетке ғана емес, жергілікті бюджеттерге де қатысты. Осыған байланысты абсолюттік көрсеткіш бойынша анықталған заңбұзушылықтар көлемі де артуы мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіштерді экономиканың жалпы көлемімен немесе мемлекеттік, не республикалық бюджеттің жалпы көлемімен салыстырсақ, заңбұзушылықтар деңгейі төмендеп келеді". Әлихан Смайылов
Оның пікірінше, бұл елде қаржылық тәртіп, заңдылық пен реттелу деңгейі жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Бұған дейін Мәжілістің креативті индустрияларды қолдау және дамыту туралы заңды екінші оқылымда қабылдағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 24 желтоқсан 2025
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады
-
18:24, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты
-
18:23, 24 желтоқсан 2025
Тоқаевтың Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі: толық мәтін
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады





