Қыстағы жасырын қауіп: Құтқарушылар қазақстандықтарға ескертумен жүгінді

16:47, 24 желтоқсан 2025

© Сурет: Telegram/qr_tjm

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 2025 жылғы 24 желтоқсанда қыстың жасырын қаупі жайлы маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтеншеліктер жұқа мұз жайлы еске салды .

"Қыс мезгілінде балық аулау кезінде мұзға түсуге байланысты қауіп айтарлықтай артады.Суықта өзен-көлдерде мұз біркелкі қатпайды, ал ерте немесе кеш кезеңдерде мұздың жұқалығы байқалмай қалуы мүмкін – бұл суға кету қаупін күшейтеді",- делінген ақпаратта.

Осыған орай, құтқарушылар келесіні ескертті.

"Мұздың қалыңдығын тексермей үстіне шықпаңыз, белгіленбеген жерлерде балық ауламаңыз, құтқару арқанын және қауіпсіздік құралдарын өзіңізбен бірге алып жүріңіз".

Бұған дейін утиль алымынан түскен қаражат қоқысты бөлек тасымалдауды ынталандыруға жұмсалатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!