Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

12:17, 25 желтоқсан 2025

© Сурет: akorda.kz

Бүгін 2025 жылдың 25 желотоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, экономиканың әртүрлі салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Сонымен қатар, Президент облыс тұрғындарымен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдамақ және өңірдің даму бағыттары туралы пікір алмасады.

Мұндай жұмыс сапарлары өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға мүмкіндік береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!