АҚШ-та егеуқұйрықтардың адамдарға шабуылы жиілеген
© Сурет: pixabay
АҚШ-тың Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті үйлерге кәріз жүйесі арқылы енетін егеуқұйрықтардың шабуылы көбейгені жөнінде ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian мәліметінше, егеуқұйрықтар санының күрт артуына тасқын су себеп болған.
Мамандардың айтуынша, бұл кеміргіштер өте жақсы жүзеді әрі тынысын ұзақ уақыт ұстай алады. Сол себепті олар кәріз жүйесі арқылы оңай өтіп, тұрғын үйлерге кіре алады.
Билік өкілдері дәретханадан егеуқұйрық шыққан жағдайда сабыр сақтауға кеңес береді. Мұндай кезде унитазға ыдыс жуатын сұйықтық немесе кір жууға арналған гель құйып (жануардың тайып кетуі үшін) суын ағызу қажет. Егер егеуқұйрық ірі болса, унитаздың қақпағын жауып, зиянкестермен күрес қызметін шақырған дұрыс.
Дәрігерлер егер егеуқұйрық тістеп үлгерсе, дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырады. Себебі бұл жануарлар аса қауіпті ауруларды, соның ішінде өлім-жітімі 100% болатын құтыру дертіне дейін тасымалдауы мүмкін.
Бұған дейін Лондондағы кәріз жүйесінен салмағы 100 тонна болатын "майлы айсберг" табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:04, 25 желтоқсан 2025
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу рәсімі өтті
-
14:52, 25 желтоқсан 2025
Алматыда 11 жылдан кейін анасын өлтірген қызы ұсталды
-
14:45, 25 желтоқсан 2025
Алматы әкімдігі Бас жоспарды түзету бойынша қоғамдық талқылаулардың өту тәртібі туралы айтып берді
-
14:32, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді
-
14:28, 25 желтоқсан 2025
Полиция Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті: ІІМ себептерді атап көрсетті





