Қайрат Нұртас Қырғызстанда шоу жасап, желіні жарды

10:34, 30 маусым 2026

© Сурет: Instagram/kair_n

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас 2026 жылғы 27 маусымда Бішкектегі (Қырғызстан) "Кленовый лист" гольф-клубында өткен музыкалық фестивальде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші музыкалық шоудан үзінділерді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сахнада ол "Ирина Кайратовна" тобымен бірге танымал әндерін орындаған.

Жазбадағы пікірлер бөлімінде жанкүйерлер концерттен алған әсерлерімен бөлісіп, әншіге алғыстарын білдірді.

  • Нағыз аңыз! Рахмет, Қайреке!
  • Тамаша кеш болды, қазақ-қырғыз бір туған!
  • Барлығы жоғары деңгейде болды, соңғы рет мұндай концертте қашан болғаным есімде жоқ...
  • Шоу ұйымдастырдыңдар, рахмет бауырлар!

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатындығын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!