Қазақстандағы пластикалық хирургия клиникалары жаппай тексеріледі
© Фото: akorda.kz
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратураның келісімімен пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға қосымша жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.
Министрліктің мәліметінше, кешенді тексерулердің нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Ведомствоның хабарлауынша, мұндай тексерулердің ең көбі 2024 жылы жүргізілген. Сол кезде лицензиялық талаптардың, медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттарының және медициналық құжаттаманы жүргізу қағидаларының бұзылғаны анықталған. Сондай-ақ кейбір медициналық ұйымдардың рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсеткені белгілі болған.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша оларды жою туралы міндетті нұсқамалар берілді. Бұдан бөлек, 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 4,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.
Бақылау шаралары аясында комитеттің аумақтық департаменттері пластикалық операциялардан кейін адам өліміне әкелген жекелеген оқиғалар бойынша да жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Ең көп қоғамдық резонанс тудырған жағдайлар Алматы, Астана қалаларында және Маңғыстау облысында тіркелген. Тексеру қорытындылары бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Еске салайық, 2026 жылғы 15 мамырда Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы Сәуле Базархан көз жұмды. Бұл оқиға блогермен жақын араласқан Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованы қатты күйзелткен еді.
20 мамырда марқұмның қызы қайғылы оқиғаның кейбір мән-жайын айтып, аталған клиника әлі күнге дейін қызметін жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Ал 21 мамырда Алматы полициясы Сәуле Базарханның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Сондай-ақ мамыр айында тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Ақтауда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов пластикалық хирургия клиникасына жүгінгеннен кейін көз жұмды. 49 жастағы депутат иегіне липосакция жасатуды жоспарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:51, 30 маусым 2026
Ең мықты құрамның бірі – Тоқаев Парламенттің сегізінші шақырылымының депутаттарына зор алғыс білдірді
-
12:45, 30 маусым 2026
Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Тоқаев
-
12:31, 30 маусым 2026
Қазақстанда шетелдік вагондарды тіркеуге қойылатын шектеулер 8 шілдеден бастап күшіне енеді
-
12:22, 30 маусым 2026
Инвестициялық салымдар кезінде АӨК шығыстарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау: өзгерістер енгізілді
-
12:17, 30 маусым 2026
Алматының Бас жоспары: қоғамдық тыңдауда көгалдандыруға басымдық берілді





