Парагвай президенті Германияны жеңгеннен кейін елде демалыс күнін жариялады

12:02, 30 маусым 2026

© Сурет: Instagram/albirroja

Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шығуына байланысты 30 маусымды мерекелік демалыс күні ретінде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Бүгін – бүкіл елдің мерекесі. Алға, Парагвай!" – деп жазды президент.