АМӨЗ-дегі жөндеу жұмыстары Қазақстандағы жанармай қорына әсер ете ме
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет мінберінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары Қазақстанның бензин және дизель отынымен қамтамасыз етілуіне әсер ете ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, зауыттағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
"Жөндеу жұмыстары алдын ала жоспарланады. Соған сәйкес қажетті жанармай қоры да ертерек жинақталады. Қазіргі таңда қолда бар қор жеткілікті. Бензин қоры 30 күннен астам уақытқа жетеді. Дизель отыны бойынша да жағдай дәл осындай. Яғни елдегі негізгі мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша қор жеткілікті. Жөндеу жұмыстарына шығу жоспары алдын ала дайындалады. Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына байланысты. Сонымен қатар жөндеу жүргізіліп жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытының өзінде де жинақталған қор бар және ол өңірді қажетті көлемде қамтамасыз етіп отыр", – деді Асхат Хасенов.
Сондай-ақ журналистер Атырау мұнай өңдеу зауытының Қазақстанды жанармаймен қамтамасыз етудегі үлесі қандай екенін сұрады.
"Өздеріңіз білесіздер, елімізде үш мұнай өңдеу зауыты бар. Атырау зауытының үлесі шамамен үштен бір бөлікті құрайды. Қазіргі уақытта ешқандай іркіліс жоқ. Жанармай тапшылығы байқалмайды. Қайта айтамын, үш зауыт та қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өңдеу көлемдері де шамалас, сондықтан әрқайсысының үлесі шамамен үштен бір деңгейінде", – деп түсіндірді "ҚазМұнайГаз" басшысы.
Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері Қазақстанның ішкі нарығындағы жанармайдың көрші елдерге кетіп қалу қаупі бар ма деген сұрақ қойды.
Асхат Хасенов бұл мәселе олардың ведомствосының тікелей құзыретіне жатпайтынын айтып, негізгі міндет мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін үздіксіз өндіру екенін жеткізді.
Бұған дейін танымал мұнай маркасының бағасы күрт түскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:12, 30 маусым 2026
Алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ – Тоқаев
-
13:10, 30 маусым 2026
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі ел тарихында алғаш рет 300 миллиард доллардан асты – Тоқаев
-
13:07, 30 маусым 2026
Президент барлық шақырылымдағы Мәжіліс пен Сенат депутаттарына ризашылығын білдірді
-
13:01, 30 маусым 2026
Кезекті әкімшілік реформа деп түсінуге болмайды – Президент конституциялық реформалардың маңызын атады
-
12:57, 30 маусым 2026
Әлемдегі жағдайға қарамастан, салиқалы саясат жүргізіп, алға қадам басып келеміз – Тоқаев





