ІІМ елордада екі адам көз жұмған жол апатына қатысты пікір білдірді

15:19, 29 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 29 қаңтарда Астанада екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер қайғылы оқиға 28 қаңтарда Сарайшық көпірінде болғанын еске салды.

"Жағдай белгілі болды, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Өкінішті, екі адам қаза тапты. Айтар болсақ, қаза болғандар кінәлі адамдар емес. Іс қозғалғандықтан толығырақ ештеңе айта алмаймын",– деді Лепеха.

Сонымен қатар, ол апатқа кінәлі адамға қандай жазаның тағылуы мүмкін екенін де түсіндірді.


"Бұл – адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы. Мұнда бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді министр орынбасары.

Еске салсақ, 28 қаңтарда елордадағы Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!